Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 26 Мамыр, 2022

Атырау прокуратурасы 1800-ден астам кәсіпкердің құқығын қорғады

Жыл басынан бері Атырау қаласының прокуратурасы 1800-ден астам кәсіпкердің құқығын қорғады. Түрлі заңбұзушылыққа жол берген 6 лауазымды тұлға тәртіптік және әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

«Қазіргі таңда шағын және микро бизнес субъектілерінің қызметін тексеруге мораторий енгізілгеніне қарамастан, мемлекеттік органдар Президент Жарлығының талаптарын орындай бермейді. Жұмыспен қамту орталығының қызметкерлері бөлінген мемлекеттік гранттарды игеру мәселесі бойынша 200 шағын бизнес субъектісіне қатысты құқықтық негізсіз тексеру жүргізді. Мемлекеттік мекеме басшысы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 175-бабының 1-бөлігі бойынша жауапқа тартылды. Тексерулердің күші жойылды», - деді қала прокуроры Аршат Тайтуллин.

Прокурордың актісі бойынша уәкілетті органдардың 300-ден астам тексерулері алынып тасталды және заңсыз деп танылды. Атап айтқанда, есепшоттарын бұғаттау алынып, шағын кәсіпкерлік субъектілерін халыққа қызмет көрсету орталықтарында тіркеуден заңсыз бас тарту және жер телімін кеңейту кезінде эскиздік құжатты заңсыз талап ету әрекеттері тоқтатылды. Сондай-ақ, Атырауда кәсіпкерлерге жылумен және сумен жабдықтау қызметтерінің тарифтері 66 пайызға дейін төмендетілді.

438 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз