Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 26 Мамыр, 2022

Еуразиялық экономикалық комиссиямен өзара іс-қимыл қағидалары бекітілді – ҚР ИИДМ

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі "QazIndustry" қазақстандық индустрия және экспорт орталығымен бірлесіп, өнеркәсіптік тауарлардың Еуразиялық тізілімін қалыптастыру мәселелері бойынша Еуразиялық экономикалық комиссиямен өзара іс-қимыл қағидаларын әзірледі. Бұл туралы kazgazeta.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Құжат тауарлардың жекелеген түрлерінің жасалып шығарылған елін айқындау ережелерін іске асыру мақсатында әзірленген. 

Айта кетерлігі, Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде оларға қатысты өндіріс шарттары белгіленген мемлекеттердің өнеркәсіптік тауарларын мемлекеттік сатып алу кезінде аталған тауарлардың жасап шығарылған елі Еуразиялық тізілімнен ақпарат ұсынумен расталады.

Қазақстанның сарапшы ұйымдары беретін акті немесе тауардың шығарылуы туралы сертификат тауарды Еуразиялық тізілімге енгізу үшін негіз болып табылады

Қосымша ақпарат алу үшін мына телефон нөмірлері арқылы 8 (7172) 983-294, 8778 500 00 77 немесе e.duisebek@miid.gov.kz электрондық поштасына хат жолдауға болады.

99 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *