Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Құмсағат
  • 26 Мамыр, 2022

Жамбылда Сурдлимпиада ойындарының жүлдегерлеріне пәтер берілді

Бразилияның Кашиас-ду-Сул қаласында өткен XХІV жазғы Сурдлимпиада ойындарына Ұлттық құрама сапында Жамбыл облысынан 13 спортшы қатысып, 11 медаль иеленген еді. Аймақ басшысы Нұржан Нұржігітов жүлдегерлермен кездесіп, спортшыларға пәтер кілттерін табыстады, деп хабарлайды Kazgazeta.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 

Еркін күрестен 2-орын иеленген Ғабит Есжанов пен Ғасыр Тұрғынбайға, дзюдодан 2-орын алған Анна Крамороваға 2 бөлмелі пәтердің сертификаты табысталды. Ал, таэквондодан 3-орын иеленген Олжас Рысжановқа, грек-рим күресінен 3-орын алған Асан Нұржанға, дзюдодан 3-орын алған Фериде Кара оглыға 1 бөлмелі пәтердің сертификаттары тапсырылды.

Сондай-ақ дзюдо, грек-рим, еркін күрестерінен және жеңіл атлетика мен жүзуден түрлі орындардан көрінген спортшылар Айдос Түгелбаев, Эвелина Егембердиева, Абзал Досжанов, Шыңғысхан Әлдибаев, Яна Сибирякова, Руслан Раимбеков, Софья Закутнаяға естелік сыйлықтар берілді. Сонымен қатар, жаттықтырушылар Ерназар Қонысбаев (еркін күрестен), Александр Ан (таэквондо), Ринат Исмаилов (грек-рим күресі), Аскар Усубалиевке (жүзу) және спортшыларға Алғыс хаттар мен арнайы сертификаттар табысталды.

Облыс әкімі ел намысын қорғап, нәтижелі өнер көрсеткен спортшыларды құттықтап, ризашылығын жеткізді. Жаттықтырушыларының да зор үлесін айрықша атап өтті. Сондай-ақ облыстың спорт саласында атқарылып жатқан жұмыстар мен оң көрсеткіштерге, бұл бағытта Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес ауқымды қолдаулар көрсетіліп жатқанына назар аударды.

Өз кезегінде жаттықтырушылар мен спортшылар ықылас білдірген облыс басшылығына ризашылықтарын айтып, арнайы жатақхана, спорт кешенін салу бойынша ұсыныстарын алға тартты.

Айта кетсек, XХІV жазғы Сурдлимпиада ойындарында Қазақстан Ұлттық құрамасының 65 ойыншысы спорттың 9 түрінен ел намысын қорғады. Жалпы медальдік есепте 73 елдің арасында Ұлттық құрама 13-орынға тұрақтады.

157 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *