Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Шартарап
  • 26 Мамыр, 2022

ЕАЭО мүше елдер арасында тауар айналымының тұрақты өсімі байқалады

Еуразия экономикалық одағына мүше елдер арасында тауар айналымының тұрақты өсімі байқалады. Атап айтқанда, 2017 жылы көрсеткіш 407 болса, 2021 жылдың соңына қарай аталған көрсеткіш 446-ға жеткен. Бұл туралы ҚР Сауда және интеграция министрлігі техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы Арман Әбенов мәлім етті.

«Бүгінде біз бірлескен күш-жігерімізбен өнімнің толыққанды ортақ нарығын құрдық. Техникалық регламенттегі міндетті нормалар мен стандарттарды ерікті түрде қолдана отырып өнімнің қауіпсіздігін қамтамасыз етеміз. Сол секілді тауарлардың ЕАЭО нарығында еркін қозғалысының негізгі шарттарын толық орындап отырмыз. Талдау нәтижесі көрсеткендей, Қазақстанда Еуразия экономикалық одақ елдеріне экспортталатын тауарлардың тұрақты өсуі байқалады. Назарларыңызға соңғы 5 жылғы (2017-2021 жж) статистиканы ұсынамын. Егер 2017 жылы біздің елден 809 тауар түрі экспортқа шығарылса, өткен жылы аталған көрсеткіш 837 тауар түріне артты», - деді Арман Әбенов Бішкекте өтіп жатқан Еуразия экономикалық форумында.

Оның айтуынша, елімізден ЕАЭО-ға негізінен тамақ, ет-сүт, машина жасау өнімдері мен тағы сол сияқты тауарлар экспортталады.

«Сондай-ақ одаққа мүше елдер арасында тауар айналымының тұрақты өсуі байқалады. Яғни 2017 жылы көрсеткіш 407 болса, 2021 жылдың соңына қарай 446-ға жеткен. Одақ құрылғалы әлемдік экономиканың жаһандық сын-қатеріне жауап беретін интеграциялық бірлестіктің тиімді жұмысы көрініс тапты. Қазіргі уақытта өзара жеткізілетін өнімнің 85%-ға жуығы бірыңғай реттеуге жатады. Ол дегеніміз - одақ нарығында тауар айналымы үшін бірыңғай талаптар мен қағидалар қолданылады деген сөз», - дейді ол.

211 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *