Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 26 Мамыр, 2022

Алматыда 60 жылдық тарихы бар мектептің мерейтойы атап өтілді

Алматыдағы Ш.Смағұлов атындағы мамандандырылған дарынды балаларға арналған физика-математика орта мектеп-интернатында 2021-2022 оқу жылындағы түлектермен қоштасуға арналған cоңғы қоңырау салтанатты іс-шарасы өтті деп хабарлады turkystan.kz.

Айтулы күн қарсаңында мектеп ұжымы 60 жылдық мерейтойын да атап өтті. Оған биылғы мектеп түлектерімен қатар аталмыш білім ордасынан әр жылдары түлеп ұшқан елге есімі белгілі азаматтар, білім ордасының қазіргі қызметкерлері және өзге де меймандар қатысты.

Мерекелік кеш 11-сынып оқушыларының салтанатты шеруімен басталды. Мұнан соң түлектер қоштасу вальсін билеп, мектепте соңғы қоңырау соғылды. Өз кезегінде мектеп ұжымы мен оқу орнының бұрынғы түлектері білім ордасында өткен аяулы шақтарын сағынышпен еске алып, талапкерлерге сәт-сапар тіледі.

«Осы уақыт аралығында бұл қарашаңырақтан 2 755 түлек түлеп ұшты. Оның 73-і – «Алтын белгі», 39-ы – «Үздік аттестат» иегері. Бүгінге дейін 750 ұстаз оқушыларды білім нәрімен сусындатты. 2022 жылғы оқу жылын 9 «Алтын белгі» үміткері бітіріп отыр. Олардың қатарында халықаралық бірнеше  жоғары оқу орындарының грант иегерлері бар», – деді білім ордасының директоры Әбуова Айжан Елеуқызы.

Соңғы қоңырау салтанатында сөз сөйлеген ардагер ұстаз Еркін Тұрбекқызы ұстаздық жолын бастаған, сан мыңдаған шәкірт тәрбиелеген жұмыс орнына келіп, естіліктерімен бөлісті. Дарынды балалар білім алатын мектеп-интернаттың салтанатты соңғы қоңырау мерекесіне Алматы облыстық Білім басқармасы басшысының орынбасары Айжан Маманқызы да арнайы ат басын бұрды.

«Аталмыш білім ордасы облыстық деңгейде өте жоғары білім сапасын қамтамасыз етіп отырған мектептердің көшбасында тұр. Республикалық деңгейде Алматы облысының атынан білім сайыстарында сәтті өнер көрсетіп жүрген оқушылары да жетерлік. Биыл 60 жылдық мерейтойы қарсаңында білім ордасы өзінің рекордтық жетістіктерін көрсетіп отыр. Оның қатарында 9 «Алтын белгі», 10 «Үздік аттестат» үміткерлері бар. Бұл дегеніңіз, жалпы ел ауқымында өте жоғарғы көрсеткіштердің бірі», – деді  Айжан Маманқызы.

162 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *