Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Референдум-2022
  • 27 Мамыр, 2022

Жаңа Қазақстан бұл жай ғана ұран емес, бұл жаңа қоғам құру қағидаты

Референдумды қоғамдық қолдаудың республикалық штабы­ның қызметі шеңберінде Қарағанды қаласының Дос­тық үйін­де өңірдегі жастар ұйымдарының көшбасшылары мен өкіл­­дерімен кездесу өтті.

Іс-шара «Ассамблея жастары» рес­­­пуб­ликалық қоғамдық бірлестігі мен «Ұлттық ерік­тілер же­лісі» заңды тұлғалар бірлес­ті­гінің бастамасымен ұйым­дас­тырылды.

– Референдум өткізудің ма­ңыз­­­дылығы қоғам­ның барлық санат­тарына саяси реформалар­ды жүзеге асыруға қаты­суға мүмкіндік береді. Бұл құралды біздің жастарымыз да толық көлем­де пайдалануы керек. Жаңа Қазақстан бұл жай ғана ұран емес, бұл жаңа қоғам құру қағидаты, – деп атап өтті «Ассамблея жас­тары» РҚБ төрағасы Тимур Жұмырбаев.  Ол сондай-ақ Жаңа Қазақстанның әсіресе, жастарға жаңа мүмкіндіктерге жол ашатынын еске салып өтті. Кездесу кезінде Қарағанды облы­сының жастар ұйым­да­ры­ның көш­бас­шы­лары референдум өткізу және Конституцияға түзету ен­гі­зу туралы өз пікірлерімен бө­ліс­ті. Жиынға қатысушылар ре­фор­маны іске асырудағы жас­тар­­дың белсенділігі, Жаңа Қа­з­ақстандағы өзекті мәселе­лер­ді шешу жолдары жайлы ойларын ортаға салып, өздерін қызық­тыр­ған сұрақтарына жауап алды.

Сондай-ақ, қатысушылар «Ассамблея жастары» жастар ұйы­мының #МенРеферен­дум­ғаБарамын хэштегін іске қосу туралы бастамасын қолдап, жастарды әлеуметтік желілерде түсін­ді­ру жұмыстарына қосылуға ша­қырды.

Кездесуге ҚХА мүшесі және жастар ұйымының өңірлік өкіл­ді­гінің көшбасшысы А.Урмашов, жастар ұйымдарының және этномәдени бірлестіктердің жас­тар қанаттарының көшбас­шы­лары да қатысып, еліміздің Кон­ституциясына енгізілетін өзгер­тулер мен толықтырулар туралы кеңінен айтып берді.

 

Қайрат Әбілда

ҚАРАҒАНДЫ

egemen.kz

699 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз