Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 27 Мамыр, 2022

Білім ордасы алғашқы бастауышпен қоштасты

Қызылорда облысы, Жаңақорған кентіндегі "Заңғар" интеллектуалды мектебі 2021-2022 оқу жылын табысты аяқтады. Ашылғанына тоғыз ай болған білім ордасының бағыты айқын, келешегі кемел. Бастауыш — білімнің іргетасы. Бастауыш сыныпта берілген сапалы білім  баянды болашақтың кепілі. Сондықтанда Zangar school  бар баланың іргетасының мықты һәм мығым болуына барын салды.
 
Әуелі тоғыз айда жеткен жетістіктердің жартысын ғана жазсақ:   Республикалық шығармашылық онлайн байқау,  пәндік олимпиададан 30 жүлде, аудандық,  облыстық байқаулардан 10 жүлде еншіледік. 3 оқушы Қазақстанның  "100 дарынды оқушысы" Алтын кітабына енді. Оған қоса, мектеп жанындағы би, робототехника үйірмелерінен шәкірттердің жетістігі бір төбе.
 
Үйірмелердің ішінде робототехникаға басымдық берілген. Оқушылар қарапайым лего құрастырудан бастап, күрделі роботтарды құрастырып үйренеді. Бұл бағытта Қазақстанның робототехникадан Ұлттық құрамасының модераторы  Елтай Қасымды Алматыдан арнайы шақыртып шәкірттерге шеберлік сағатын өткіздік. Аудандық кітапхана мен аудандық оқушылар үйімен тығыз байланыстамыз. Ай сайын бірлескен жобаны жүзеге асырып, оқушылардың шығармашылық қабілетін арттырауына ықпал еттік.
 
Пән мұғалімдерінің еңбек өтілі 20-25 жылдық тәжірибелі, жоғары санатты ұстаздар. Ал таңнан кешке дейін оқушымен бірдей һәм бірге жүретін креативті кураторлардың да еңбегі ерен. 1 куратор "Педагог-модератор" біліктілік  санатын алса,  1 куратор "Үздік ұстаз" төсбелгісін,  қалған барлық кураторлар байқауға бала дайындағаны үшін Қоғамдық қорлардың сертификатына ие болды. Айналып келгенде, бұл жетістіктің бәрі ұжымдық жұмыс. Ұжым ұйымшыл болса ұтасың.
 
Күні кеше  "Соңғы қоңырау" салтанатты жиыныда жоғары деңгейде өтті. Құрметті қонақтар қатарында аудандық білім бөлімінің бас инспекторы Мира Жандарбекова, Жаңақорған кент әкімінің орынбасары Серік Сейдуалиев, аудандық Жастар ресурстық орталығының директоры Наурызбай Орынбасаров, мектеп құрылтайшысы Гүлмира Тұрарқызы, білім ордасының жауапты менеджерлері Гүлбақыт Сайлауханқызы мен Ақжарқын Берікқызы  жылы лебізін білдіріп, ұстаздар мен кураторларға Алғыс хаттарын табыстады. Өз кезегінде 4-сыныптар бастауышпен қоштасып, орта сыныпқа қадам басты.
 
Мектеп құрылтайшысы Нұржан Ақылханұлының бастамасымен алдағы жаңа оқу жылынан бастап үздік оқитын оқушыларға степендия тағайындаймыз. Бұлда болса, баланың білімін бағалауға деген байыпты бастама. Оған қоса, мегаполис шаһардағы үздік білім ордасымен байланыс орнатып, меморандумға отыру жоспарда бар.
 
Әбдісамат Әбдіш, "Заңғар" интеллектуалды мектебінің баспасөз хатшысы

654 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз