Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 27 Мамыр, 2022

ТЕОЛОГТАР СОТТАЛҒАНДАРҒА АРНАП СЕМИНАР ӨТКІЗДІ

Нұр-Сұлтан қаласындағы ЕЦ-166/10 түзеу мекемесінде қызметкерлеріне мен сотталғандардың діни сауаттылығын арттыруға арналған семинар өтті.

Аталған семинарды мекеме басшылығы мен Нұр-Сұлтан қаласындағы Діндерді зерттеу орталығымен бірлесіп ұйымдастырды.

Осы семинар аясында Қазақстандағы дәстүрлі және дәстүрлі емес діни ағымдардың қызметі талқыланды. Баяндамашы ретінде Нұр-Сұлтан қаласындағы Діндерді зерттеу орталығының теологтары болды.

Бұл семинарға 20-ға жуық қызметкерлер мен сотталғандар қатысты.

Дінтанушылар елімізде жұмыс істейтін тіркелген дәстүрлі діни бірлестіктер, олардың шығу тегі мен тарихы туралы ақпарат берді.

Сондай-ақ дінтанушылар заманауи дәстүрлі емес діни ағымдар туралы, олардың экстремистік идеяларды тарату әдістері мен қоғамға қандай әлеуметтік қауіп төндіретіні туралы айтты.

Мекемеге бару барысында сотталғандардың жеке мәселелері бойынша қабылдау жүргізіліп, сұрақтарына жауаптар алынды.

Теологтар мекеме кітапханасын да аралады. Олар мекемедегі діни әдебиеттерді зерттеді.

382 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз