Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 27 Мамыр, 2022

АҚШ Мемлекеттік хатшысының көмекшісімен кездесулер өтті - ҚР СІМ

Орталық Азия елдеріне сапары аясында АҚШ Мемлекеттік хатшысының көмекшісі Дональд Лу Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер енгізу жөніндегі референдум қарсаңында Қазақстанға жұмыс сапарымен келді, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.

Америкалық дипломатты ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді қабылдап, сұхбат барысында тараптар Қазақстан мен АҚШ арасындағы кеңейтілген стратегиялық серіктестікті одан әрі дамыту және нығайту перспективалары жөнінде пікір алмасты.

ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ақан Рахметуллинмен кездесуде екіжақты және көпжақты ынтымақтастықтың, сондай-ақ жаһандық және өңірлік күн тәртібінің кең ауқымды мәселелері қозғалды. Тараптар қазақстандық-америкалық ынтымақтастығының даму қарқынына қанағаттанушылық білдірді.

Д.Лу азаматтық қоғамның қарышты дамуы мен Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуындағы оң динамиканы атап өтіп, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бастамашы болған саяси реформаларға қатысты АҚШ Әкімшілігінің қолдауын атап өтті.

362 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз