Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 28 Мамыр, 2022

Қызылорда облысында биыл дерматомикоз ауруының 106 жағдайы тіркелген

Қызылорда облысында жыл басынан бері дерматомикоз ауруының 106 жағдайы тіркелді. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 10 жағдайға артық.

Дерматомикоз адамдар мен жануарларда паразиттік тіршілік ететін дерматофит саңырауқұлақтары тудыратын аурулар тобына жатады.

Аталған аурудың түрімен ересек адамдар да, балалар ауырады.

«Инфекция көзі – ауру адамдар, үй жануарлары және жабайы кеміргіштер. Ауру алдымен терінің бұзылуы (қабыршақтану), тырнақтың сынуы, бастың шаш орналасқан бөлігінің тақырлануы түрінде байқалады. Шаштың түсуі көбіне жас бүлдіршіндерде кездеседі.

Облыста жыл басынан бері дерматомикоз ауруының 106 жағдайы тіркелген. Ол былтырғы жылмен салыстырғанда 10 жағдайға көп. Аудандар бойынша мұндай жағдай Жалағаш, Жаңақорғанда көп тіркелсе, Қызылорда қаласында да көп кездеседі», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау депаратментінің баспасөз хатшысы Айман Жанахаева.

Ведомство мәліметінше, тіркелген аурудың 94 пайызы 14 жасқа дейінгі балалардың үлесіне тиіп отыр. Эпидемиологиялық зерттеу барысында олардың 90,4 пайызы ит-мысықтар арқылы, 9,5 пайызында қарым-қатынас арқылы жұққан.

607 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз