Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Референдум-2022
  • 07 Маусым, 2022

Референдум – бостандық кепілі

Елдегі өтіп жатқан саяси реформаға қатысты бүкіл халықтық референдум өз кезегіндегі еліміздегі демократиялық мәдениеттің өсу деңгейнің көрсеткіші болмақ. Халықтың саяси белсенділігі мен серпілісінің жоғары болып жатқандығы учаскелердегі өз пікірін білдіруші адамдар легінінен анық байқалады. Мен де ел азаматы ретінде Ата заңға енгізілмекші өзгертулер мен толықтыруларға деген оң көзқарасымды білдірдім.

Бұл  референдум – Тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің халық пікіріне құлақ асуының, халықтық көзқарастың қажеттілігін мойындаудың көрсеткіші болады деуге негіз. Ол «Халық айтса, қалт айтпайды», «Кеңесіп пішкен тон келте болмайды» дейтін қазақтың тауып айтқан халықтық ұстаным мәдениетіне сай келмек. Осыдан соң елдің үкіметке деген сенімфобиясы сейіле түсіп, мемлекеттің саяси жүйесіне деген сенім арта түсетіні анық.

Сондай-ақ, референдум – адамның рухани бостандығының көрініс табу формасы десек болады. Референдум – бір жағынан, мемлекеттің халыққа сенім арта білу әлеуетін көрсетпек. Екінші жағынан, халық өзінің мемлекетке керек екенін сезінуі жоғарылап, әр азаматтың жауапкершілік мәдениеті шыңдала түседі.

Ата заңдағы өзгертулер мен толықтыруларға қатысты референдум әр азаматтың саяси реформаға, саяси билікке деген сенім отын жағып, Мемлекет басшысының «Мемлекет халық үшін» деген саяси моделіне қызмет етпек. Шындығында, бұл реформа бүгінгі өңірлік саясаттың бірегей символына айналары сөзсіз. Саяси билік халыққа жақындай түспек.

Дәулетбек Раев,

философия ғылымының докторы,

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

философия кафедрасының профессоры

   

5364 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз