Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Референдум-2022
  • 06 Маусым, 2022

Халықтың ойын еркін білдіруінің айқын көрінісі

Конституциялық референдум әлемнің көптеген мемлекеттерінде кеңінен қолданылатын тәжірибе және демократияның негізгі құралы ретінде қолданылады. Дегенмен қарапайым халықтың пікірін сұрау арқылы Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәуелсіз Қазақстан тарихындағы тұңғыш саяси тәжірибе. Басқаша айтқанда, мемлекет халықпен бірлескен шешім қабылдауды құп көрді, еліміздің әрбір азаматының дауысы естіліп, демократиялық мемлекетті қалыптастыруға мүмкіндігі ұлғайды. Бұған қарап, расымен де, мемлекет халық үнін ести бастағандай. Сондықтан мұндай бастамаларды біз,  жастар қолдаймыз.

Ел Президенті Қ-Ж. Тоқаевтың Жаңа Қазақстанды құруда Конституциямызға өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша референдум өткізу туралы бастамасы «халық үніне құлақ асатын» мемлекеттің қалыптасуы деп санаймын. Мемлекет басшысы референдумға қатысты пікірінде: «Бұл шара еліміздегі демократиялық дәстүрлерді нығайту жолындағы маңызды қадам болмақ. Еліміздің азаматтары конституциялық реформалардың маңызын түсінеді... Бұл қоғамдық-саяси өзгерістерге деген әлеуметтік сұранысты әрі халықтың алдағы өзгерістерге деген сенімін көрсетеді», – деп айқын атап өткен еді. Конституцияның негізгі баптарына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар еліміздің оңды саяси трансформациялануының кепілі.

Ең бастысы Конституциялық өзгерістер мен толықтыруларды халқымыз қолдады. Енді президенттің өкілеттігі қысқарады, Парламент пен жергілікті мәслихаттардың рөлі, билік пен халық арасындағы байланыс күшейеді, халық үніне құлақ асатын Жаңа Қазақстан мемлекеттік моделі қалыптасады. Бұған кәміл сенемін.

Еліміздегі кейінгі кезеңдегі қоғамдық-саяси оқиғалар мен өзгерістер Конституциямызды халық мүддесіне сай түзетпей, ел іргесін бекітіп, қоғамды сананы саяси жағынан жаңғыртып, әлеуметтік-экономикалық жағынан дамуға қол жеткізе алмайтындығымызды көрсетті. Сондықтан еліміздегі саяси демократиялық жағынан жаңғыртуға бағытталған жалпыхалықтық референдумге еліміздің әрбір саналы азаматы жауапкершілікті терең сезініп, белсенді атсалысты. Бұл мемлекетіміздің болашағына әсер ететін жауапты қадам болды. Иә, Жаңа Қазақстанды құру жолында Президентіміздің бастамасы қолдауға тұрарлық іс, болашақта да елімізде жақсы өзгерістердің болатындығына сеніміміз мол. Қарастырылатын, ел көкейінде жүрген мәселелер де жоқ емес, бірақ барлығы бірден бола қояды деген ойдан аулақ болуымыз қажет. Алдағы уақытта да еліміздің азаматтарын саяси белсенді болуға, саяси сауаты мен мәдениеті жоғары, білімді жастарды тәрбиелеуге және қолдауға шақырамын.

Қорыта келе, 5 маусым күні  Конституцияға өзгерістер мен түзетулер мәселесі бойынша өткен жалпыұлттық референдумда – мемлекеттің және бүкіл қоғамның болашағын айқындайтын жауапты сәтте халқымыз дұрыс таңдау жасады деп санаймын. Ел іргесі тыныш, тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!

Дархан Наурызбаев,

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

 «Саяси философия» мамандығының

1-курс PhD докторанты

 

5271 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз