Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Шартарап
  • 16 Маусым, 2022

Қытайлық ғалымдар бөгде планетаның іздерін анықтады

Қытай ғалымдары бөгде планетадан шығуы мүмкін сигналды тапқанын жария етті.

Бейжің педагогикалық университетінің зерттеушілері бөгде планетаның бірнеше технологиялық іздерін тапты. Бұл туралы ақпарат сейсенбіде Қытайдың Ғылым және технологиялар министрлігінің «Science and Technology Daily» ресми газетінде жарияланды. Сигналдар FAST деп аталатын диаметрі 500 метр болатын әлемдегі ең үлкен сфералық «Аспан көзі» радиотелескопымен анықталды.

Ғылыми кешен Қытайдың оңтүстік-батысындағы Гуйчжоу провинциясында орналасқан. Ол 2016 жылдың 25 қыркүйегінде жұмысын бастады. China ET Civilization Research Group бас ғылыми қызметкері, космолог Чжан Юнцзе газетке бұрынғы табылғандардан ерекшеленетін бірнеше тар жолақты электромагниттік сигналдарды тапқанын айтты. Сонымен қатар, сигналдар жай радио кедергілері болуы мүмкін екенін зерттеуші жоққа шығармайды және осы фактіні растау немесе жоққа шығару үшін оларды қосымша зерттеу қажет.

Қазіргі уақытта Қытайдың ғарыштық жобаларында 300 мыңға жуық адам жұмыс істейді. Бұл АҚШ-тың NASA ғарыш агенттігіне қарағанда 18 есе үлкен.

USA Today

Фото: көрнекі 

289 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *