Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 17 Маусым, 2022

ТүркПА аясындағы ынтымақтастық нығайып келеді - ҚР АҚДМ

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі А. Омаров ТүркПА-ның Жас парламентшілер тобының мүшелерімен кездесті. 

Іс-шараға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Елдос Абақанов, Түркітілдес елдердің заң шығарушы органдарының депутаттары - Әзірбайжаннан Анар Мамедов пен Әлиаббас Салахзаде, Қырғызстаннан Ұлан Бақасов, Түркиядан Зейнеп Йылдыз, Өзбекстаннан Шерзод Рахмонов пен Азамжон Тулаев, сондай-ақ ТүркПА секретариатының өкілдері қатысты.

Асқар Қуанышұлы ТүркПА қызметі аясында парламентаралық ынтымақтастықтың қарқынды әрі жоспарлы түрде жүзеге асып жатқанын атап өтті. Министр елімізде жүргізіліп жатқан қоғамдық-саяси өзгерістер мен 5 маусымда өткен Референдумның қорытындылары туралы айтып берді.

«Басты заңдағы жаңалықтардың бірі сайлау процесін жаңғырту және парламентті күшейту болды. Бұл елдегі парламентаризмнің демократиялық жолмен дамуына және нығаюына серпін береді», - деді Министр.

ТүркПА жас парламентшілер тобының мүшелері ТүркПА аясындағы ынтымақтастық тек нығая түсетініне сенім білдірді.

 

 

599 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз