Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 17 Маусым, 2022

2 млн-ға жуық оқушы жазғы мектепте білім алды

Қазақстандық оқушылар жазғы мектептердегі оқуын аяқтады. Онда 2 млн-ға жуық бала қосымша білім алды, деп хабарлайжы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі. 

Жазғы мектептердің жұмысы 26 мамыр мен 17 маусым аралығында ұйымдастырылған болатын. Бұл оқушылардың білімдерін нығайтып, олқылықтардың орнын толтыруға мүмкіндік берді. Жазғы мектепке бітіруші, яғни 9, 11-сынып оқушыларынан басқа барлық оқушы ерікті түрде қатысты.

«3,6 млн оқушының 2 млн-ға жуығы жазғы мектепте білім алды. Балалар мен олардың ата-аналарының қалауы бойынша 38 мыңнан астам оқушыға жеке пәндер бойынша сабақтар ұйымдастырылды. Балаларды ынталандыру мақсатында сабақ стандартты формада емес, бағалаусыз өткенін де атап өткен жөн. Оқу кестесіне музейлерге саяхат, экскурсиялар, іскерлік ойындар, шеберлік сабақтары, фильмдер мен мультфильмдерді талқылау кірді. Кітап клубтары, дискуссиялар, стратегиялық сессиялар, дебаттар және басқа да форматта сабақтар ұйымдастырылды. Жазғы мектептің қорытындысы бойынша ата-аналардың оң пікірлерін алдық», – деп айтты Мектепке дейінгі және орта білім беру комитетінің төрағасы Гүлмира Кәрімова.

Оқушылар сабақтарға дүйсенбіден жұмаға дейін қатысты. Оқу «Математика», «Қазақ тілі», «Ағылшын тілі», «Физика», «Химия» және т.б. негізгі пәндер бойынша  өтті.

Енді жазғы мектеп аяқталған соң мұғалімдер жыл сайынғы еңбек демалысына шығады. Демалыс 42 күннен 56 күнге дейін ұзартылғанын еске сала кетейік.

519 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз