Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 17 Маусым, 2022

Алматыда қуғын-сүргін құрбандарына арналған фотокөрме ашылды

Алматыда саяси қуғын-сүргін туралы «аса құпия» таңбасымен сақталып келген материалдар фотокөрмеге қойылды.

Алматы қаласында 1920-1950 жылдардағы саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алуға арналған «Біз» атты фотокөрме ашылды.

Экспозициялық материалдар ретінде құқық қорғау органдарына тұлғаны анықтау және тану мақсатында сол кездегі жеке істерден алынған қуғын-сүргінге ұшыраған адамдардың мұрағаттық фотоқұжаттары қойылды.

«Фотокөрмедегі материалдар 70 жыл бойы «аса құпия» болып келді. Қазір сол материалдар қолымызда. Уақыт өте келе сарғайған мұрағаттық құжаттар біздің еліміз үшін шын мәнінде үлкен тарихи құндылық», – дейді фотокөрменің кураторы Әлия Болатхан.

Көрмеге мұрағатта сақталған 300-ден астам фотосурет қойылды.

«Ұлттық тарихымыздың қиын кезеңіне айналған еліміздің өткеніне көз жүгірте отырып, біз бүгінгі күнімізде бар нәрсені бағалай білудің, Тәуелсіз Қазақстанды сақтау мен дамыту үшін қателіктерді қайталамау керектігін түсінеміз. Егер сіз залды аралайтын болсаңыз, бұл адамдардың құқығы қалай шектелгенін түсінесіз», - деп түсіндірді Әлия Болатхан.

Көрме 1 шілдеге дейін Almaty Gallery ғимаратында өтеді.

211 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *