Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Шартарап
  • 17 Маусым, 2022

KazAID және Өзбекстанның «Юксалиш» жалпыұлттық қозғалысы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

«KazAID» қазақстандық халықаралық даму агенттігі атынан басқарма төрағасы Дастан Елеукенов және «Юксалиш» жалпыұлттық қозғалысы атынан төрағасы, Өзбекстан Республикасының Олий Мажлисінің депутаты Бобур Бекмуродов бірқатар бағыттар бойынша Орталық Азияда жобаларды іске асыруға жәрдемдесуді көздейтін өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметі мәлім етті. 

Меморандумға сәйкес Орталық Азия өңірі елдерінде БҰҰ Тұрақты даму мақсаттары саласындағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту және нығайту жөніндегі жол картасы бекiтiлдi.

«Юксалиш» қозғалысы 2019 жылы Өзбекстан Республикасы Президентінің жарлығына сәйкес ел алдында тұрған міндеттерді шешуде Өзбекстан азаматтық қоғамының дамуына ықпал ету және рөлін арттыру үшін құрылды.

275 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *