Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Шартарап
  • 19 Маусым, 2022

Маймыл шешегі әлемнің 42 елінде тіркелген

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша әлемде маймыл шешегін жұқтырған науқастардың саны 2100 адамнан асты. Індет 42 елде тіркелген. Аурудың эпиорталығы Еуропа елдері болып отыр. Онда бұрын соңды тіркелмеген ауру жылдам тарап жатыр. Ал жуырда Чилиде маймыл шешегін жұқтырған алғашқы адам анықталды. Науқас жуырда Еуропадан келген екен. Қазір ол уақытша оқшауланды. Онымен қарым-қатынаста болғандар дәрігерлердің жіті бақылауында.

Дереккөз: www.24.kz

1073 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз