Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 19 Маусым, 2022

Асқар Умаров Ақтөбе жастарымен кездесті

 ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Умаров Ақтөбе қаласындағы жастар ресурстық орталығына барды. Бүгінгі буын өкілдерімен тілдесіп, мемлекет тарапынан бөлініп жатқан гранттар мен жастарға қатысты жүзеге асып жатқан бағдарламалар туралы айтты. 

Министр ақтөбелік жастардың қандай мәселе мазалайтынын тәптіштеп сұрады. Өз кезегінде қала жастары жастар практикасы, жалақы аздығы, волонтерлік қызметпен айналысу, мемлекет тарапынан берілетін демеуақыны алу жолдарын сұрады. 

Асқар Омаров Үкімет жастарды қолдаудың жаңа тетіктерін енгізіп жатқан, мысалы, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2022 жылы жастар практикасынан өту кезеңі 6 айдан 12 айға дейін және «бірінші жұмыс орны» жобасы бойынша 12 айдан 18 айға дейін ұлғайтылғанын жеткізді. Бұл жаста үшін алғашқы жұмыс тәжірибесін алуға және қосымша ақша табуға жақсы мүмкіндік. 

Министр оған қоса Мемлекет басшысы тағайындаған "Тәуелсіздік ұрпақтары" гранты арқылы 3 млн теңгелік 30 грантты ұтуға болатынын, жалпы жастар саясатына байланысты іс-шараларды айтып берді. 
Асқар Омаров, сондай-ақ, Алға ауданына сапарлап, жергілікті жастармен жүздесті. 

Coworking орталықта ізденем деген жанға жағдай жасалған, білім алып, ізденуге болады. Республикалық деңгейдегі жобалары ұтып, жүзеге асырып жатқан жастар министрге өз мәселелерін айтты. 
Министр айтылған проблемаларды назарға алып, тиісті құқықтық-заңнамалық, қаржылық қолдаулар жайын қарастыратынын жеткізді. 

Сапар қорытындысында А.Омаров Бестамақ ауылындағы медресе колледжін аралап, Ақтөбе қаласындағы Азаматтық альянс өкілдерімен кездесіп,  ҮЕҰ өкілдерінің мәселелеріне құлақ түрді. Ақтөбе облысында 612 ҮЕҰ бар. Мемлекет ҮЕҰ-мен бірлескен жобаларды жүзеге асыру арқылы ауылдармен де жан-жақты байланысты өзара нығайта түседі.

 

 

 

 

 

865 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз