- Шартарап
- 20 Маусым, 2022
Tesla көлігінің бағасы қымбаттады

Tesla АҚШ пен Қытай нарығындағы көлік бағасын көтерді.
Электр-кар құны 6 мың долларға дейін өсті. Компания мұндай қадамға неге барғанын әлі түсіндірмеді. Бірақ сарапшылардың пікірінше, бұған инфляция ықпал еткен. Себебі электрмобильдерге аса қажетті алюминий мен литий сияқты бөлшектер қымбаттап, дефицитке айналған. Соңғы рет Tesla көлік бағасын наурызда көтерген еді. Ол кезде литий тапшылығы түрткі болған. Салдарынан Солтүстік Америка нарығында Tesla көлігі 5 мың долларға дейін қымбаттады.
Хабар 24

300 рет
көрсетілді0
пікір
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *