Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 18 Маусым, 2022

Қорғаныс министрлігінде әскери дәрігерлерге құрмет көрсетілді

Елордадағы Қарулы күштердің Ұлттық әскери-патриоттық орталығында медицина қызметкерлері күніне арналған салтанатты шара өтті.

Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Мұхамеджан Таласов Қарулы күштер Бас әскери-медициналық басқармасы және әскери медициналық мекемелердің жеке құрамымен кездесті.

Ол дәрігерлерді, орта және кіші медициналық қызметкерлерді, әскери-медициналық қызмет ардагерлерін кәсіби мерекемен құттықтады.

- Ұлт денсаулығы – еліміздегі мемлекеттік саясаттың басты басымдықтарының бірі. Азаматтардың денсаулығына қамқорлық танытатын маман иелері қай уақытта болмасын қоғам арасында құрметке ие болды. Сіздер коронавирус пандемиясы кезінде науқастардың өмірі мен денсаулығы үшін аянбай күрестіңіздер. Бүгінгі күні де сіздер жоғары жауапкершілік пен жұмыстарыңызға деген адалдықты танытып, кәсіби парыздарыңызды абыроймен атқарып келесіздер, – деді генерал-майор Мұхамеджан Таласов.

Еліміздің әскери-медициналық қызметінің өркендеуі мен қалыптасуына елеулі үлес қосқан отандық әскери медицина ардагерлеріне ерекше ризашылығын білдірді. Олар қалыптастырған тәжірибе мен білімдегі дәстүрлер қазіргі уақытта алда тұрған ауқымды міндеттерді шешуге көмектеседі. 

Салтанатты шарада көп жылғы жемісті еңбегі және денсаулық сақтау жүйесін жетілдіруге белсенді үлес қосқан бірқатар әскери медицина қызметкерлеріне медальдар, естелік белгілер, құрмет грамоталары мен алғыс хаттар табыс етілді.

Мерекелік шара концертпен аяқталды.

47 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *