Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 18 Маусым, 2022

Елордада Ұлттық қорғаныс университеті магистранттарының оқуды аяқтау рәсімі өтті

Еліміздің жетекші әскери жоғары оқу орынының түлектеріне диплом тапсыру салтанаты Отан қорғаушылар алаңында болды.

Биыл Ұлттық қорғаныс университетін 145 офицер тәмәмдады. Тыңдаушыларды оқыту магистратураның тоғыз мамандығы бойынша он факультетте және жиырма жеті кафедрада жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша жүргізілді.

Қорғаныс ведомствосының басшысы генерал-полковник Руслан Жақсылықов дипломдарды Қарулы күштер Бас штабы академиясы факультетінің түлектеріне табыс етті.

Офицерлерге айтқан сөзінде Қорғаныс министрі ел Президентінің Қарулы күштерді болып жатқан өзгерістерге бейімдеу, басқару жүйесін жаңғырту, цифрлық технологияларды, жасанды интеллект пен ұшқышсыз ұшу жүйелерін енгізуге аса назар аудару міндеттерін сапалы іске асыру қажеттігін атап өтті. Бұл үшін армияның кадрлық әлеуетін нығайту талап етіледі.

Қолға тиген дипломдарыңыз сіздерге жаңа қызметтік мәртебеңізді белгілеп қана қоймай, зор міндеттер жүктейді. Сонымен қатар бұл Қазақстан армиясының қатары еліміздің ең беделді әскери оқу орнында білім алған кәсіби дайындалған, жоғары білікті офицерлермен толықты деген сөз, – деп атап өтті генерал-полковник Руслан Жақсылықов.

Түлектер арасында Тәжікстан Республикасының да 10 өкілі бар. Шетелдік офицерлер Қазақстанға жылы лебіздерін білдіріп, сапалы әскери білім алуға мүмкіндік бергендеріне алғыс білдірді.

– Университет қабырғасында алған білімімізді біз тек еліміздің игілігі үшін ғана емес, сонымен қатар Ұжымдық қауіпсіздік туралы Шарт Ұйымы аясында жауынгерлік ынтымақтастықты нығайту үшін де қолданатын да боламыз, – деді Тәжікстан Қарулы күштерінің офицері майор Боходур Тураев. 

Ұлттық қорғаныс университеті магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша стратегиялық, жедел-стратегиялық және жедел-тактикалық буындар үшін әскери кадрлар даярлайтын Орталық Азия өңіріндегі жалғыз жоғары оқу орны болып табылатынын атап өткен жөн.

Университетте тек Қарулы күштердің офицерлері ғана емес, еліміздің басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының өкілдері, сондай-ақ Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше елдердің әскери қызметшілері де білім алу үстінде.

35 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *