Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Безбен
  • 23 Маусым, 2022

Нариман Төреғалиев Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы болып сайланды

Нариман Төреғалиев Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы болып сайланды.

"Қолданыстағы заңнамаға сәйкес комитет төрағасы депутаттардың ұсынысы бойынша депутаттар арасынан сайланады", - деді Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев.

Сенатор Нұртөре Жүсіп депутат Нариман Төреғалиевтің кандидатурасын ұсынды.

"Сенатор Нариман Төреғалиевтің кандидатурасын Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы қызметіне ұсынамын. Нариман Төреғалиев өзінің еңбек жолын совхозда жұмысшы болып бастаған, Жамбыл гидромелиоративтік құрылыс институтын экономист мамандығы бойынша тәмамдаған. БҚО-ның бірқатар шаруашылығында жұмыс істеді, Теректі, Ақжайық аудандарында басшылық қызметтер атқарды, Орал әкімі болды. 2017 жылы алтыншы сайланған Парламент Сенатының депутаты, Сенаттың тұрақты комитетінің хатшысы болып сайланды. Біз Нариман Төреғалиевті іскер ұйымдастырушы, мақсатқа ұмтылған басшы, жауапты маман ретінде жақсы білеміз. Ол өз ісіне жауапкершілікпен қарайды, әлеуметтік-мәдени, ғылыми салаларға қатысты мәселелерді жақсы біледі, білімді, білікті, ұстамды. Қолдау көрсетуіңізді сұраймын", - деді сенатор Жүсіп.

Депутаттар Төреғалиевтің кандидатурасын қолдап, оны Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы етіп сайлады.

Tengrinews.kz

552 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз