Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 23 Маусым, 2022

Аймағамбетов Ақмола облысының тұрғындарымен кездесті

ҚР Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов Ақмола облысына барып, халық алдында кезекті есеп беру кездесуін өткізді. Бұл туралы министр әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Кездесуге өңірдің 250-ге жуық тұрғыны қатысты. Жиын кезінде ата-аналар, білім беру саласының қызметкерлері, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері мен журналистер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды. 

Сұрақтар бала асырап алу, инклюзивті оқыту, мектептердегі және ПМПК-дағы қызметкерлердің штаты, білім беру ұйымдарының басшыларын ротациялау, оқу бағдарламаларын жаңартуға қатысты болды. Одан бөлек, студенттерді колледждерде оқыту және оларды оқуын аяқтағаннан кейін жұмысқа орналастыру және т.б. мәселелерге қатысты сұрақтар қойылды.

Кездесуде қатысушылардың қойған сұрақтарына толық және нақты жауап беруге тырыстым. Осы орайда жиынға қатысқан барша ақмолалыққа уақыттарын бөліп келгендері және білім саласына бейжай қарамағандары үшін алғыс айтқым келеді, – деді Оқу-ағарту министрі.

Есептік кездесуден кейін Жоғары техникалық колледж ғимаратында білім басқармасының қызметкерлерімен, аудандардың (қалалардың) білім бөлімдері мен колледж басшыларымен кездесті.

Сондай-ақ әріптестеріміздің жан басына қаржыландыру, мемлекеттік тапсырыстарды бөлу, цифрландыру, төлем стандарттары, студенттерді жұмыспен қамту және т.б. тақырыптарға қатысты сұрақтарына жауап бердім. Кездесуде әріптестерімнің бірі ауылдағы балабақша директорларына қойылатын біліктілік талаптарын қайта қарауды ұсынды, біз бұл мәселені қарастырамыз. Сонымен қатар әріптестермен бірге талқылаған басқа да ұсыныстар жұмысқа алынады, – деді Аймағамбетов.

 

72 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *