Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Құмсағат
  • 23 Маусым, 2022

Қазақстан құрамасы ФИФА рейтингінде көтерілді

Қазақстан ұлттық құрамасы Халықаралық футбол қауымдастықтарының федерациясы (ФИФА) жариялаған рейтингте он бір сатыға жоғарылады.

Жаңа рейтинг 2022 жылдың 23 маусымында шықты. Қазақстан құрамасы жаңартылған рейтингте 114-орынға жайғасты. 

Айта кетейік, Магомед Адиев жаттықтыраты Қазақстан құрамасы маусым ойында төрт ойын өткізді Әзербайжан (2:0), Беларусь (1:1) және екі рет Словакиямен (1:0, 2:1) ойнады.

Келесі рейтинг 25 тамыз күні шығады.

ФИФА рейтингі. 23 маусым 2022 жыл:

1. Бразилия – 1838 ұпай

2. Бельгия – 1822

3. Аргентина – 1771

4. Франция – 1765

5. Англия – 1737

6. Испания – 1717

7. Италия – 1714

8. Нидерланд – 1680

9. Португалия – 1679

10. Дания – 1665

51. Словакия – 1440

96. Беларусь – 1227

113. Сьерра-Леоне – 1168

114. Қазақстан – 1166

115. Гвинея-Бисау – 1165

128. Әзербайжан – 1127

211. Сан-Марино – 764.

455 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз