Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Шартарап
  • 24 Маусым, 2022

Украина мен Молдоваға Еуропалық одаққа үміткер ел мәртебесі берілді

Еуропалық одақ Украина мен Молдоваға ортақ қауымдастыққа кіруге мүше мемлекет мәртебесін берді.

 Бұл туралы одақ саммитінің қорытындысы бойынша Еурокомиссия басшысы Урсула Фон дер Ляйен мәлімдеді. Сарапшылар Украинаға Еуропалық Одаққа мүше болу үшін 10 жыл кетеді деп пайымдап отыр.

Басқосуға жиналғандар Молдованың да өтінішін қолдады. Ал Грузия мұндай мәртебені бірқатар талапты орындағаннан кейін ала алады деген ұйғарымға келді.

Урсула Фон дер Ляйен, Еурокомиссия президенті:

– Бүгін – Еуропа үшін маңызды күн. Бұл мемлкеттер ұйымға мүше болу кезеңіне аяқ баспас бұрын бірқатар міндеттерді орындауы тиіс. Аталған елдер жылдам қимылдап, қажетті реформаларды тез жүзеге асырады деп сенемін. Бұл өзгерістер осы елдердегі демократияны нығайтып, халқының әл-ауқатын жақсартуға бағытталған.

656 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз