Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 24 Маусым, 2022

Қазақстанның жаңадан тағайындалған Елшісі ант берді

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінде Қазақстан Республикасының Ливандағы жаңадан тағайындалған Төтенше және Өкілетті Елшісі Расул Жұмалының ант беру рәсімі өтті. Мұндай антқа осы лауазымға алғаш рет тағайындалған қазақстандық елшілер шақырылады.

Р. Жұмалы дипломатиялық қызметін 1992 жылы атташе ретінде бастаған. Қазақстанның Мысырдағы және Израильдегі елшіліктерінде жұмыс істеді. 2004-2005 жылдары ҚР-дың Дубайдағы Бас консулы, ал 2006-2007 жылдары ҚР-дың Ливиядағы уақытша сенімді өкілі қызметтерін атқарған. ҚР Үкіметінің баспасөз хатшысы, сондай-ақ ҚР СІМ өкілдігінде саяси топтың жетекшісі лауазымдарында қызмет істеген. Таяу және Орта Шығыс бойынша маманы.

347 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз