- Безбен
- 25 Маусым, 2022
Мемлекет басшысы АХҚО басқарушысы Қайрат Келімбетовті қабылдады
Мемлекет басшысы АХҚО басқарушысы Қайрат Келімбетовті қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Қасым-Жомарт Тоқаев «Астана» халықаралық қаржы орталығының 2021 жылы атқарған жұмысының нәтижелерімен танысты.
Мемлекет басшысына Astana Finance Days халықаралық конференциясын өткізуге дайындық барысы туралы баяндалды. Осы жиын аясында қазіргі экономикалық күн тәртібінің мейлінше маңызды мәселелері, соның ішінде Еуразия кеңістігінің экономикалық байланыстылығын қамтамасыз ету ісіндегі Қазақстанның жаңа рөлі талқыланады.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қайрат Келімбетовке Үкіметпен, Ұлттық банкпен және Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен тығыз ықпалдастық орната отырып, шетелден ел экономикасына инвестиция тарту жұмыстарын жандандыруды тапсырды.
554 рет
көрсетілді0
пікір