Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Таным
  • 26 Маусым, 2022

Мұқағали жырлары жүрегімде

Мұқағали Мақатаев жырларынан «Мен-дағы өлең жазбаймын» өлеңі жаныма жақын. Кез келген адам өз өңірінен шыққан көрнекті тұлғамен қалай мақтанса, мен де дәл солай жыр алыбы бола білген ақынның жерлесі екенімді мақтан тұтамын.

Кішкентайымыздан ақын өлеңімен сусындап өскен жас ұрпақ үшін бұл үлкен мақтаныш деп ойлаймын. Өлкемізді  өз шығармасына қосу арқылы Мұқағали атамыз өзінің ғана емес өлкеміздің де беделін көтере алды. Өз шығармаларында тек қана өлкемізді ғана жырлап қоймай небәрі 45 жыл ғұмырында қалам тартпаған тақырыбы кем де кем ақын бұрынғы Абай  жаққан сәулені жалғастырушы бола білді. Ақынның қай шығармасы болмасын оқырман көңілінің төрінен орын табатыны да жалған емес. Сол өлеңді оқыған кез-келген адамның шабыты оянып  көкірегін жыр тербейді. Өз шығармасына осыншама құдіретті сидыра алған ақынға менде өз шығармамды арнауды артық көрмедім.

            Жыр маржаны

Қарасаздан көтеріліп керегем ,

Жыр маржанын ептеп теріп келем мен.

Мұқағали ауылының түлегі

Жыр жазбасам күнә болар егер мен.

Жыр маржанын ептеп теріп келем мен!

Бала бұлақ қайнардан жол бастайды,

Алмас жырға құрбан болар бас қайғы.

Күлдір-күлдір кісінетіп жыр жолын

Тұлпар ізін неге тайы баптайды?

Бала бұлақ қайнардан жол бастайды!

Аппақ ойды бесігіне бөлейін,

Қас тілекті жерге таптап көмейін.

Сезім үнін жайлап тербеп көрейін

Жыр жолынан өлең-қамшы өрейін.

Аппақ ойды бесігіне бөлейін!

Менің ақынға осындай өлең арнауым бекер емес. Өзімді ақын санамасам да менің жүрек жарды арнауым ақын ізін жалғастырушы адам болуға деген бір үміттің бастамасы ғана деп ойлаймын. Өлеңімді жазбас бұрын ақын шығармашылығымен толық таныстым. Алғашында ақынға арнау жазамын деген ой мүлде болмады. Менің ойыма арнау жазу «Мен-дағы өлең жазбаймын» өлеңінің әсері деп ойлаймын. Абайдың ізін жалғастырып, бұрынғы сәулені жалғастырған ақынға неге арнау арнамасқа деген ой сол кезде келді.Сол ойдан туындаған шығармамның жалғасы мақалаға ұласты. Бұл мен үшін үлкен жетістік. Бұл мен үшін үлкен бастама. Әр адам мектеп қабырғасынан көптеген ақын-жазушылардың шығармаларымен, өмірбаяндармен танысады. Жарыстарға барғанда көбіне сол ақындардың шығармалары   оқушының зерттеу тақырыбының негізгі идеясы  болып табылады. Менің де зерттеу тақырыбыма бір емес бірнеше рет арқау болған ақын шығармашылығын дәріптеу мен үшін үлкен жетістік екенін айтудан  жалықпаймын.

Мұқағали Мақатаевтың бала күнінен көрген қиындықтары, оның қиындыққа толы өмір жолы кімді болсын бей-жай қалдырмасы сөзсіз. Ақынның өмір  жолының түрлі соқпағымен танысып,поэзиясын, прозасын, білудің өзі менің көптеген жетістіктеріме себепші болды. Адам өмірде мамандық және жар таңдаудан шатаспауы керек деген бұрыннан келе жатқан сөзге мән беріп қарасақ та менің өмірімдегі ең маңызды шешім қабылдауым мамандық таңдауыма да осы бір Мұқағалидан алған жетістіктерім себепші бола алды. Біріншіден, ақын өлеңін жаттап жүріп өзімнің өлең оқуға деген қабілетімді жақсарта алдым. Екіншіден, ақын шығармасымен танысып жүріп өзімнің ақындық қырымды аша алдым. Алдағы уақытта да аз ғана өмір сүрген ақын өлеңі жаныма серік болып тағы да көптеген жетістіктеріме себепші болатындығына күмәнім жоқ. Менің музам бола білген ақын менің ғана емес көптеген адамның қабілетіне,жетістігіне бастама бола білді,бола да береді деген ойдамын.

Таным көкжиегіне жетелеген шығарма ермек үшін емес артына үлгі қалдыра білу үшін жазылғандығын ескерер болсақ, ол шығарма өз міндетін орындай алғандығы деп білемін.Жоғарыда айтқандай көптеген оқырманның жанына жақын бола білген шығарма болашақта да дәл осы сарында өз міндетін атқара береді. Ақын өлгенмен оның бізге қалдырған мұрасы өлмейді, өшпейді, жоғалмайды. Керісінше  өз жалғасын тауып, қоғамдағы көрнекті тұлғалардың қалыптасуына зор үлесін қоса бермек. Жаралы жүректердің емі бола білген ақын өлеңінің танымдық мәні зор. Оны толықтай ашу әрине қиын. Дегенмен бір шығарманың ауқымының мазмұнының кеңдігінің өзі көп дүниеден хабар беріп тұрғандығының айқын көрінісі.Іштегі жырын жасырмай ақ қағазға түсіріп бізге өшпес мұра қалдырған ақынның аманатына ие болған біздер жас ұрпақ екенімізді ескерсек ол мұраны жалғастыру бізге мұра бізге міндет екендігі айқын.

Өз өлеңінде сан алуан сезімді суреттеу арқылы, оқырманды да тыңдаушыны да сол сезімге бөлей алған ақынды қанша мақтасақ та, мадақтасақ та жеткіліксіз болар.

Жалпы Мұқағали бір сарынды ақын емес,кез келген тақырыпқа өлең жазып ,кез келген жанрда өзінің ойын ашық жеткізе алатын ақынның осы бір қыры менің бойыма жетіспейтін бір қабілет деп ескеріп сол тұрғыда өз өзімді ұштап келемін. Сол себепті де журналистка мамандығына құмартуыма себепші болған Мұқағали Мақатаев шығармалары мен үшін беделі асқақ, берері мол шығарма болып қала береді. Осыған дейін де осыдан кейін де өз міндетін дәл осындай тұрғыда атқарар ақын өлеңі талай оқырманды ұштай түсері сөзсіз әрине. Өз қара басын ғана емес өзгені де ойлаған ақын мейірімділігі кей өлең жолдарынан сыр шерту арқылы да оқырманды бөлек күйге бөлеуін жалғастыра бермек. Өз ойын ақ қағазға жасырмай жаза білсе де дер кезінде еңбегі өз деңгейінде бағаланбаған ақынның сол кездің өзінде  сағы сынбаған. Қазақтың бір ғасырда бір туар ақыны Мұқағали  ақынның әр шығармасы құнды.   Біз  ақиық ақынды үлгі тұтамыз, дәріптейміз, жырларының танымдық мағынасына тереңінен үңілеміз.


Көпірбай Шолпан 

Тұран университетінің студенті
 

 

 

1053 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз