Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 27 Маусым, 2022

Қарағандының қуыршақ театрында жаңа ертегінің тұсауы кесіледі

Кішкентай қарағандылықтар мен олардың ата-аналарын "Домбыраның алтын ішектері" ертегісінің премьерасын тамашалауға "Буратино" үлгілі қуыршақ театрына шақырады, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі. 

Қуыршақ спектаклінің негізіне "Ханның үш қызы" қазақ халық ертегісі алынды. Таңғажайып оқиға махаббат, сиқыр, берілген сөзге адалдық және алдау сияқты сезімдер туралы баяндайды.

Спектакль 1 шілде күні сағат 17:00-де, 2 және 3 шілде күні сағат 11:30-да өтеді.

Қоюшы режиссері – Елена Пак, қоюшы суретшісі – Роксана Петрова.

Билеттерді театр кассасынан және ticketon.kz сайтынан сатып алуға болады.

738 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз