Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 27 Маусым, 2022

Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарында тіркелетін көліктердің цифрлық таңбалау тәртібі айқындалды

Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарында жаңадан тіркелетін көліктер үшін цифрлық таңбалау тәртібі айқындалды. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек мәлім етті.

Қазақстанда көлік құралын тіркеуде өңірлер бойынша сәйкестендіру үшін тиісті цифрлық таңбалау белгіленген. Бұл тұрғыда көлік нөмірлеріндегі өңірлік кодтар қазақ тілінің әліпби тәртібімен беріледі.

«Осы орайда министрлік жаңадан құрылған үш облыс бойынша автокөліктердің мемлекеттік нөмірлеріне өңір кодтарын цифрлық белгілеудің ретін ұсынды. Атап айтқанда, Абай облысына - 18, Жетісу облысына - 19, сондай-ақ Ұлытау облысына 20 таңбасы белгіленбек», - деді Шұғыла Тұрлыбек министрліктің баспасөз алаңында өткен брифинг барысында. 

Аталған үш облыста мемлекеттік нөмірдің жаңа цифрлық таңбасын енгізу барысында көлік құралдарындағы бұрынғы мемлекеттік нөмірлерді ауыстыру талап етілмейді.

 

390 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз