Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Инфографика
  • 27 Маусым, 2022

Әлемде тікелей шетелдік инвестициялар көлемі 1,58 трлн долларға жетті - ЮНКТАД

KAZAKH INVEST 2022 жылдың Әлемдік инвестициялар туралы баяндама презентациясына қатысты, деп хабарлайды kazgazeta.kz компанияның ресми сайтына сілтеме жасап.

Инвестицияларды ынталандыру агенттіктерінің Дүниежүзілік қауымдастығы (WAIPA) ұйымдастырған «World Investment Report 2022»халықаралық таныстырылымда 30-дан астам елден инвестицияларды ынталандыру агенттіктерінің (IPA) басшылары қатысты.

Біріккен Ұлттар Ұйымының Сауда және даму жөніндегі конференциясы (ЮНКТАД) жыл сайын шығаратын Әлемдік инвестициялар туралы баяндама (WIR) біріктірілген жаһандық инвестициялық есеп болып табылады. Ол халықаралық инвестициялық ағындар, жаһандық және аймақтық трендтер туралы, сондай-ақ мемлекеттердің инвестициялық саясаты туралы өзекті ақпаратты қамтиды.

ЮНКТАД-тың Инвестициялар және кәсіпкерлік жөніндегі директоры Джеймс Жан ұсынған WIR-2022 деректері бойынша, 2021 жылы әлемде тікелей шетелдік инвестициялар (ТШИ) көлемі 1,58 трлн долларға жетіп, 2020 жылғы пандемия деңгейінен 64,3%-ға асып түсті.

Сонымен қатар, инвестициялық ағындарды қалпына келтіружоспарланғаннан әлдеқайда жылдам болды, тіпті 2019 жылғы деңгейден де жоғары көтерілді (1,48 трлн доллар). Бұл ретте дамушы экономикалардың үлесі алдыңғы жылмен салыстырғанда 30%-ға өскенін көрсете отырып, әлемдегі барлық ТШИ-нің жартысынан астамын (52,9%) құрады.

WIR-2022 презентациясы әлемнің түкпір-түкпірінен IPA жетекшілерінің қатысуымен панельдік пікірталаспен жалғасты. Қазақстан Республикасы атынан сөз сөйлеген «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Жандос Темірғали өңірге тартылған 7 миллиард доллар ТШИ-ның жартысына жуығын (46%) құрайтын Қазақстанның тұрақты өңірлік көшбасшылығын, сондай-ақ жалпы Орталық Азия аймағына баяндамада ерекше назар аударылғанын атап өтті. Сонымен қатар, ол тұрақты даму және ESG тұрғысынан ЮНКТАД ұсынымдарына сәйкес Қазақстан 2026 жылға дейінгі Инвестициялық саясаттың жаңа тұжырымдамасын қабылдағанын айтты.

Өз кезегінде Джеймс Жан KAZAKH INVEST-тің рөлін ерекше атап өтіп, заңнаманы ұдайы жетілдіруге, инвесторлар үшін «жұмсақ инфрақұрылымға» және мемлекет пен халықаралық компаниялардың тығыз ынтымақтастығына негізделген Қазақстанның шетелдік инвестицияларды тартудағы табыстарын атап өтті.

Жалпы, 2005-2021 жж. Қазақстандағы таза тікелей шетелдік инвестициялардың жиынтық орташа жылдық өсу қарқыны 16,1%-ды құрады. Сонымен қатар, WIR-2022 деректері бойынша теңізге шығу мүмкіндігі жоқ әлемнің 32 дамушы елдері ішінде Қазақстан 2-ші орынды иеленді. Салалар бойынша Қазақстанға таза ТШИ ағынының жартысынан астамы(56%) өңдеу өнеркәсібі.

Біріккен Ұлттар Ұйымының Сауда және даму жөніндегі конференциясы (UNCTAD) БҰҰ Бас Ассамблеясының сауда және инвестициялар саласындағы басты органы болып табылады. Штаб-пәтері Женева қаласында (Швейцария) орналасқан. БҰҰ жүйесінде UNCTAD сауда, қаржы, технология, инвестициялар және тұрақты даму проблемалары және сабақтас мәселелер жөніндегі үйлестіру орталығы рөлін атқарады. Ұйымның негізгі міндеттері қазіргі заманғы Халықаралық экономикалық қатынастардың ұсыныстарын, қағидаттарын, ұйымдық-құқықтық шарттарын және жұмыс істеу тетіктерін әзірлеу арқылы әлемдік экономиканың дамуына жәрдемдесу болып табылады. Ұйым саясатты зерттеу және талдау, үкіметаралық кеңестер жүргізеді, азаматтық қоғам және кәсіпкерлік сектормен техникалық ынтымақтастық пен өзара іс-қимылды жүзеге асырады. (https://unctad.org/)

Дүниежүзілік инвестициялар тарту агенттіктері қауымдастығы (WAIPA) 1995 жылы Женева қаласында (Швейцария) құрылған. Қазіргі уақытта 100-ден астам мүшені біріктіретін ұйымның штаб-пәтері Стамбул қаласында (Түркия) орналасқан. WAIPA-ның негізгі міндеттері инвестициялар тарту жөніндегі агенттіктер арасындағы ынтымақтастықты дамыту, инвестицияларды тарту мәселелері бойынша өз үкіметтеріне кеңес беруде мүше ұйымдарға көмек көрсету, техникалық жәрдемдесу және оқыту, инвестициялық деректер базасын нығайту және кеңейту, сондай-ақ оларды тиімді пайдалану болып табылады. (https://waipa.org/)

 

 

1798 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз