Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Таным
  • 27 Маусым, 2022

Тіл білімі зерттеуін үйлестіру орталығы құрылды

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі,филология ғылымдарының докторы, профессор., “Парасат”, “ Құрмет” ордендерінің иегері Кәрімбек Арыстанбекұлы Құрманәлиевтің 60 жылдық мерейтойына арналған” ЖАҢА ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТІЛ БІЛІМІ ЖӘНЕ СӨЗЖАСАМ МӘСЕЛЕЛЕРІ” атты халықаралық ғылыми- практикалық конференцияcы болып өтті.

Тіл ғылымының қазіргі жағдайы мен болашақ зерттеу бағыттары туралы баяндамалар жасалып, қазақ тіл білімінің жеке саласы - сөзжасамның қалыптасу мен дамуы арнайы талқыланды.

Университет проректоры, академик Дихан Қамзабекұлының модераторлығымен өткен ғылыми жиында Ұлттық ғылым академиясының мүшелері З.Базарбаева, Е.Қажыбек,К.Құрманәлиев, Ш.Құрманбайұлы , сондай-ақ еліміздің жетекші тілші- ғалымдары, профессорлар А.Салқынбай,Ж.Балтабаева, Б. Қасым, Ж.Сүлейменова, Т.Ермекова, Қ.Есенова және шетелдік ғалымдар баяндама жасады.

Ғылыми басқосуда “Қазақ тіліндегі сөзжасамдық ұя: теория және практика” атты кітап таныстырылды.

Сондай-ақ, ғылыми іс-шара аясында “ТІЛ ҒЫЛЫМЫ ЗЕРТТЕУЛЕРІН ҮЙЛЕСТІРУ ОРТАЛЫҒЫ” қоғамдық ұйым құрылып, оның Төрағалығына академик Кәрімбек Құрманалиев және орынбасарлары болып профессорлар Анар Салқынбай, Жаңалық Балтабаева және Қалбике Есенова бекітілді. Орталық лингвистика мен филология саласы бойынша еліміздегі Докторлық диссертациялық кеңестерге ұсынылатын жұмыстардың қайталанбауын, сала бойынша басым бағыттарын бағамдап, диссертациялық тақырыптар таңдауды үйлестіруді көздейді.

Бұл жұмыстарды үйлестіруде тілші-ғалымдардың ғылыми ізденістеріне бағыт- бағдар беріп, ғылым жолын ашқан, академик Шора Сарыбаевтың концепциясы негізге алынатын болады.

Жиын соңында Университет ректоры, ҰҒА академигі Ерлан Сыдықов мерейтой иесіне Ұлттық ғылым академиясының “ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫ” мен университеттің “КҮЛТЕГІН” медалін тапсырды.

652 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз