Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 27 Маусым, 2022

Азамат Бейісбеков Еңбек министрлігінің аппарат басшысы болып тағайындалды

Қазақстан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығымен Азамат Өмірзақұлы Бейісбеков ҚР ЕХӘҚМ аппаратының басшысы болып тағайындалды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің Баспасөз қызметі хабарлайды.

Азамат Бейісбеков 1985 жылы Қарағанды қаласында дүниеге келген.

Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін тәмамдаған. Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі.

Еңбек жолын 2009 жылы ҚР Кедендік бақылау комитетінің кедендік рәсімдеу маманының міндетін атқарушы болып бастаған.

2009-2011 жылдары — ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Индустриялық-инновациялық дамуды салааралық үйлестіру департаментінің сарапшысы, бас сарапшысы.

2011-2012 жылдары — ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің индустриялық-инновациялық даму бөлімінің бас сарапшысы, бас консультанты.

2012-2015 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінде түрлі лауазымдарда қызмет етті.

2015-2020 жылдары — ҚР Қауіпсіздік Кеңесінің Әскери қауіпсіздік және қорғаныс бөлімінің консультанты; инспекторы; сектор меңгерушісі. 

2020 жылғы ақпаннан бастап ҚР Қауіпсіздік Кеңесінің Әскери қауіпсіздік және қорғаныс бөлімі меңгерушісінің орынбасары болды.

420 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз