Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 28 Маусым, 2022

Қостанай әуежайына Ахмет Байтұрсынұлының есімі берілді

Қостанайдағы халықаралық әуежайға ресми түрде Ахмет Байтұрсынұлының есімі берілді. Бұл туралы ҚР премьер-министрінің жаңа қаулысында айтылған.

"Қостанай" халықаралық әуежайы" акционерлік қоғамына Ахмет Байтұрсынұлының есімі берілсін", - делінген құжат мәтінінде.

Қаулы алғашқы ресми жарияланған күнен бастап қолданысқа енеді.

Ахмет Байтұрсынұлы - қазақтың ақыны, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері. Қазақ халқының XX ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалысы жетекшілерінің бірі, мемлекет қайраткері, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, ұлттық жазудың реформаторы, ағартушы, Алаш-Орда үкіметінің мүшесі.

743 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз