Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 29 Маусым, 2022

Қарағандылық оқушы IQANAT республикалық олимпиадасында бірінші орын алды

Қарағанды облысының оқушысы IQANAT республикалық олимпиадасында бірінші орын алып, биология пәнінен үздік нәтиже көрсетті, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Зияткерлік жарыстарда барлығы 34 ауыл оқушысы өңір намысын қорғады. Марапат ретінде жеңімпаздар IQanat High School of Burabay-да оқуға шақыру алды.

Нұр-Сұлтанда IQanat республикалық оқушылар слеті өтті, оған еліміздің барлық облыстарының 164 ауданының ауылдарынан 750 оқушы қатысты. Марапаттау рәсімінде 100 жеңімпаздың есімдері аталды, олардың барлығы IQanat High School of Burabay-да оқуға шақырылды.

IQHSB іріктеу нәтижесі бойынша қарағандылық төрт оқушы да өтті:

- Арман Айтқалиев – Абай ауданының Корниенко атындағы кенті ҚББМО;

- Нұрдәулет Қаблан – Қарқаралы ауданы Бақты ауылының № 21 ОМ;

- Игорь Салаватов – Шахан кенті № 2 ОМ;

- Иван Фатеев – Бұқар Жырау ауданының Ботақара жалпы орта білім беретін мектебі.

Арман Айтқалиев республикалық олимпиадада 1-ші орын алып, биологиядан үздік нәтиже көрсетті.

– Мен өте қуаныштымын, әлі күнге дейін грант алғаныма сене алар емесаін. Мен үшін бұл керемет мүмкіндік, мен оны міндетті түрде қолданамын. Болашақта қандай мамандықты таңдасам да Қазақстан тарихында өз есімімді қалдыруды армандаймын. Осы 5 күн ішінде біз ерекше мотивация мен білім алдық, енді мұның бәрін дұрыс арнаға бағыттау керек, – деп бөлісті Арман.

IQanat қоры ауылдық жерлердегі мыңдаған балаларға ең жоғары технологиялық мектептердің бірі – Qanat High School of Burabay-ға оқуға түсуге және олимпиаданың барлық финалистерінің білім беру бағдарламаларымен олимпиададан кейінгі сүйемелдеуге мүмкіндік береді.

568 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз