Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 29 Маусым, 2022

Қызылорда облысында көпсалалы агроиндустриялды кешен салынып жатыр

Бүгін Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Батыс Еуропа – Батыс Қытай автожолының бойындағы «Жан-Арай» көпсалалы агроиндустриялды кешенінің жұмысымен танысты, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Алдымен, өңір басшысына кешен жұмысы таныстырылды. Биыл пайдалануға берілетін нысанда 300 орындық тойхана, 50 орындық кафе, 20 орынға арналған асхана мен қонақ үй, монша, 1500 тонна өнімді сақтауға арналған көкөніс қоймасы және су жинайтын резервуар мен жеміс бағы болады.

Аймақ басшысы азық-түлік бағасын тұрақтандыру мақсатына әр ауылдың мүмкіндігіне қарай көкөніс және бақша өнімдерін өңірде өндіру үшін бос жатқан жерлерді икемдеп, егін егуге ынталы азаматтарға бөліп беру қажеттігін тағы бір қаперге салды.

Мұнан кейін облыс әкімі Қожамберді, Төменарық, Сүттіқұдық елді мекендерінің ақсақалдарымен кездесіп, ортақ мәселелерге қатысты пікірлесті, делінген хабарламада. 

688 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз