Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Инфографика
  • 30 Маусым, 2022

Тамақ өнімдерінің энергетикалық құндылығы жан басына шаққанда күніне орташа есеппен 3111 ккал құрады - агенттік

Үй шаруашылықтарын іріктеп зерттеу деректері бойынша 2021 жылы тұтынылған тамақ өнімдерінің энергетикалық құндылығы жан басына шаққанда күніне орташа есеппен 3111 ккал құрады.Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлім етті.

2020 жылмен салыстырғанда тұтынылатын өнімдердің калория мөлшері 9,2%-ға төмендеді (күніне 314 ккал-ға).

Айта кетейік, ауылды жерлердегі халықтың тамақтануындағы энергетикалық құндылық жоғары – 3 207 ккал, ал қалалық жерде – 3 044 кКал.

Халық тұтынған тамақ өнімдерінің энергетикалық құндылығы

ккал

 

Тұтынылған тамақ өнімдерінің

энергетикалық құндылығы

Энергетикалық құндылықтарға

ең төменгі қажеттіліктер

2019

2020

2021

2019

2020

2021

Қазақстан Республикасы

3254

3425

3111

1866

1863

1861

оның ішінде:

 

 

 

 

 

 

қалалық жер

3197

3417

3044

1863

1857

1858

ауылдық жер

3333

3437

3207

1869

1871

1866

 

Өңірлік тұтынуды қарастыра отырып, еліміздің барлық өңірлерінде халық тұтынған тамақ өнімдерінің нақты энергетикалық құндылығының деңгейі ең төменгі қажеттілік мөлшерінен асатынын атап өткен жөн. Осылайша, Павлодар және Алматы облыстарындағы тұрғындардың ас мәзірі жоғары калориялы болып шықты, сәйкесінше     

3 478,7 кКал және 3 487,6 кКал. Ал Шымкент және Нұр-Сұлтан қалаларының тұрғындары калориясы аз тағамдарды тұтынатыны анықталды, 2 519,8 ккал және 2 657,8 ккал-дан.

Халық тұтынған тамақ өнімдерінің құрамын қарастыратын болсақ, онда көмірсулардың үлесі басым – 53,6%. Ал тәулік ішінде тұтынылған тамақтағы майлардың үлесі – 33,1%, ақуыздардікі – 13,3%.

Ауылдық жердегі халық рационындағы көмірсутегінің үлесі (нан өнімдері және жарма өнімдері) қалалық жерге қарағанда жоғары. Құрамында ақуыз және майы өте жоғары (ет және ет өнімдері, сүт өнімдері және жұмыртқа) өнімдердің үлесі ауылға қарағанда қала тұрғындарында жоғары.

Халық тұтынған тамақ өнімдерінің тәуліктік рационындағы тағамдық заттардың құрамы

пайызбен

 

Ақуыздар

Майлар

Көмірсутектер

2019

2020

2021

2019

2020

2021

2019

2020

2021

Қазақстан Республикасы

12,9

12,6

13,3

33,4

35,5

33,1

53,7

51,9

53,6

оның ішінде:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

қалалық жер

13,1

12,8

13,5

35,0

36,0

34,2

52,0

51,2

52,3

ауылдық жер

12,7

12,4

13,0

31,1

34,7

31,5

56,1

52,9

55,4

Айта кетейік, көрсеткіштер ADePT азық-түлік қауіпсіздігінің статистикалық бағдарламасы бойынша Біріккен Ұлттар Ұйымының

Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының (FAO) әдіснамасы бойынша есептелген.

2093 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз