Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Шартарап
  • 15 Шілде, 2022

Қазақстандық прокурорлар Еуроодақ өкілдерімен кездесу өткізді

Бас прокуратурада экономикалық ресурстардың заңсыз шоғырлануына қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы төрағасының орынбасары - Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары Ұлан Байжановтың Еуропалық Одақтың Қазақстандағы Елшісі Кестутис Янкаускас мырзамен және ЕО-ның Қазақстандағы Өкілдігінің қызметкері Эдвардас Александрас мырзамен кездесуі өтті. Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлады. 

Кездесу барысында Ұ. Байжанов еуропалық әріптестерге Мемлекет басшысының а.ж. 5 маусымдағы Жарлығымен негізгі мақсаттарының бірі елден заңсыз жолмен шығарылған қаржы қаражатын қайтару болып табылатын экономикалық ресурстардың заңсыз шоғырлануына қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия құрылғаны туралы жеткізді. 

Іс-шара барысында қазақстандық тарап аталған кездесудің маңыздылығын атап өтті, өйткені Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы қылмыстық-құқықтық саладағы халықаралық ынтымақтастық қазақстандық прокуратура қызметінің басым бағыттарының бірі болып табылады.

«Қазақстан прокуратурасы үшін заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, азаматтардың құқықтарын қорғау және демократиялық қағидаттарды сақтау мәселелері бойынша еуропалық әріптестермен екіжақты форматтағы кездесу аса өзекті және маңызды болып табылады», - деп мәлімдеді Ұ. Байжанов.

Тараптар қазірдің өзінде жүргізілген бірлескен жұмыстың нәтижелерін, сондай-ақ қылмысқа қарсы күрес бойынша өзара тиімді ынтымақтастықтың одан әрі бағыттарын талқылады.

Пікірталастың жеке тақырыбы Еуропалық Одақтың Қазақстанның Еуропа елдеріне шығарылған қылмыстық жолмен алынған активтерді қайтару бойынша күш-жігерін қолдауы, сондай-ақ Қазақстанға Еуропа Кеңесінің қылмыстық сот ісін жүргізу саласындағы негізгі конвенцияларына қосылуына жәрдем көрсету мәселелері болды.

Еуропалық әріптестер қазақстандық тараптың бұл бастамаларын қолдады.

Іс-шара қорытындысы бойынша тараптар өткен диалогқа қанағаттанушылық білдіріп, одан әрі өзара іс-қимыл бойынша бірлескен қадамдарды белгіледі.


 

746 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз