Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 30 Шілде, 2022

Министр Саясат Нұрбек әнші Димаш Құдайбергенмен кездесті

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі әнші Димаш Құдайбергенмен кездесіп, жастар шығармашылығын дамыту жөнінде пікір алмасты.

«Әлемге әйгілі әнші студенттік шығармашылықты дамыту және студент жастардың қатысуымен болатын жобалары жөніндегі идеяларымен бөлісті.⠀ Сонымен қатар шығармашылық индустрия және мәдениет саласындағы менеджмент саласына қажетті кадрлар даярлау мәселесі де талқыланды», - деп жазды министр Instagram-да.⠀

С.Нұрбектің айтуынша, әншінің ұсынған идеялары министрлікте қаралатын болады. «Димаш Құдайбергеннің ұсынған идеяларын біз Ғылым және жоғары білім министрлігінің жұмысы барысында міндетті түрде ескеретін боламыз.⠀

Алдағы уақытта да байланысымызды үзбей, үнемі пікір алмасып тұратын болып келістік.⠀ Димаш өз мүмкіндіктері мен күш-жігерін ғылым мен білімді насихаттауға салуға дайын екендігі біз үшін өте қуанышты», - дейді ведомство басшысы.

 

739 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз