Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 01 Тамыз, 2022

Қалада күндіз шамдар неліктен жанып тұрады?

Алматы әкімдігі телеграм каналында қала көшелерінде кейде шамдардың  күндізгі уақытта неліктен жанып тұратыны және мұндай жағдайларда қайда жүгіну қажеттігі туралы жазды. 

Шамдарды күндізгі қосу жөндеу жұмыстарын жүргізу қажеттілігіне байланысты, қаланың сыртқы жарықтандыру желілерін қалпына келтіру және түнгі кезекшілік кезінде анықталған ақауларды жою үшін жүргізіледі. 

Күндізгі уақытта жанып жатқан шамдар анықталған жағдайда, «Алматы Қала Жарық» МКК диспетчерлік қызметіне 300-75-41, 300-75-42 телефондары арқылы хабарласыңыз, өтінімдер тәулік бойы және демалыссыз қабылданады.

Сондай-ақ, көше шамдарын өшіру туралы «Алматы Қала Жарық» МКК-ның Instagram және Facebook парақшаларына жазу арқылы хабарлауға болады, делінген хабарламада. 

Фото: @almaty_akimat

551 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз