Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 01 Тамыз, 2022

Алдағы тәуліктерде солтүстік өңірлерде күн салқындайды

Алдағы тәуліктерде солтүстік өңірлерде күн салқындайды. Бұл туралы Қазгидромет хабарлады. 

«Қазақстанның солтүстік өңірлерінде, қатты нөсерден кейін салқын ауа массаларына толы Солтүстік антициклон басымдық алады. Түнде ауа температурасы айтарлықтай төмендейді. Қазақстанның оңтүстігінде жаңбыр болжанады, ал таулы және тау бөктеріндегі аудандарда, нөсер жаңбыр жауады.

Республика бойынша найзағай, бұршақ, дауыл, желдің күшеюі, республиканың солтүстігінде тұман күтіледі», - делінген хабарлама. Күндіз батыста +28 +33°С, оңтүстік-батыста +33 +38°С, солтүстік-батыста +18 +28°С.

Солтүстікте, шығыста және республиканың орталығында түнде термометрлер +7 +12°С дейін төмендейді, күндіз негізгі фон +17 +28 °С-ты, елдің оңтүстігінде болса +25 +34°С-ты құрайды. Ал оңтүстік-шығыста +30 +35-тан +25 +30°С-қа дейін төмендейді, таулы аудандарда +22°С болады.

Фото: Досжан Балабекұлы 

640 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз