Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Инфографика
  • 02 Тамыз, 2022

Шілдеде инфляция 15% болды

2022 жылғы шілдеде инфляция жылдық есептеуде – 15%, бір айда 1,1% құрады.

2022 жылғы шілдеде азық-түлік тауарларының бағасы өткен жылғы шілдемен салыстырғанда 19,7%-ға өсті, азық-түлікке жатпайтын тауарларға 14,2%-ға, ақылы қызметтерге 9,2%-ға көтерілді.

Тұтыну тауарлары мен қызметтеріне бағаның өзгеруі

пайызбен, өсуі

 

2022 жылғы шілде

Анықтама: 2022 жылғы маусым

2021 жылғы

шілдеге

2021 жылғы

желтоқсанға

2022 жылғы

маусымға

2021 жылғы
маусымға

2022 жылғы
мамырға

Тауарлар мен қызметтер

15,0

11,7

1,1

14,5

1,6

Азық-түлік тауарлар

19,7

16,9

1,0

19,2

1,9

Азық-түлік емес тауарлар

14,2

10,0

1,5

13,2

1,9

Ақылы қызметтер

9,2

6,2

0,8

9,2

0,8

 

Азық-түлік нарығында бағаның айтарлықтай өсуі жылдық мәнде құмшекерге – 87,3%, басты пиязға – 71,7%, ұнға 36,6% өсті. Сәбіз бағасы – 29,6%, қызылша 25,2% төмендеді.

Бағаның өсуі (шілде 2021ж.-шілде 2022ж., өсім, пайызбен)

87,3%  құмшекер

21,9%  кондитерлік өнімдер

71,7%  басты пияз

21,7%  пастерленген сүт

36,6%  ұн

20,5%  салқындатылған сусындар

33,0%  макарон өнімдері

18,3%  жаңа піскен жемістер

31,4%  жармалар

17,9%  нан

28,6%  құс еті

17,0%  сары май

27,4%  тоқаш және ұн өнімдері

16,7%  шұжық өнімдері

26,7%  қатты ірімшік

16,5%  жылқы еті

24,6%  минералды және ас су

14,8%  темекі өнімдері

24,5%  қышқыл сүт өнімдері

13,7%  қой еті

24,4%  кептірілген жемістер мен жаңғақтар

11,6%  күнбағыс майы

 

2022 жылғы шілдеде (2021 жылғы шілдеге) азық-түлікке жатпайтын тауарлардың баға өсімі 14,2% құрады. Баға деңгейі жеке қолданылатын тауарларға – 26,3%, жуу және тазалау заттарына – 23,5%, тұрмыс құралдарына – 22,6%, құрылыс материалдарына – 20,5%, жиһаз және үйге қажетті заттарға – 19,1%, автомобильдерге– 15,2%, ыдысқа – 14,8%, тоқыма бұйымдарына – 11,5%, фармацевтикалық өнімдерге 9,7% өсті.

Бір жылда (былтырғы және биылғы шілдеге) ақылы қызметтер бағасы 9,2% өсті. Баға деңгейі кешенді демалу ұйымдарына – 19,1%, қоғамдық тамақтандыру қызметтеріне – 16,8%, денсаулық сақтау қызметтеріне – 15%, санаторий қызметтеріне – 14,1%, шаштараздар мен жеке қызмет көрсету орындары қызметтеріне – 13%, қонақ үй қызметтеріне 5,9% өсті. Жолаушылар көлігі қызметтері 5,5% қымбаттады.

Бюроның баға статистикасы департаментінің директоры Қуанышбек Жақыпбекұлының айтуынша, тұрғын үй-коммуналдық қызметтер саласында тарифтер қымбаттаумен қоса төмендеген. «Былтырғы шілдемен салыстырғанда өткен шілдеде электр қуаты – 2,4%, қоқыс шығару, тарату желілері арқылы тасымалданатын газ тарифі 1,8% жоғарылады, ал орталықтан жылу беру қызметіне тариф 2,3%-ға, ыстық суға 1,3%-ға, суды бұру үшін 0,5%-ға төмендеген», – деп қосып өтті Қуанышбек Жақыпбекұлы.

Бюро ай сайын инфляция деңгейін сипаттайтын тұтыну бағалары индексінің көрсеткішін есептейді. Жалпы алғанда 508 позиция бойынша қызметтер мен тауарлардың тарифтері мен баға өзгерісі бақыланады. Бағаларды тіркеу барлық облыс орталығында, астанада және қалалар мен аудан орталықтарының белгілі бір шеңберінде әртүрлі меншік нысанындағы сауда және қызмет көрсету саласы кәсіпорындарының іріктемелі желісі бойынша жүргізіледі.

*2022 жылғы қаңтардан бастап, тұтыну бағаларының индексін есептегенде азық–түлік тауарларының үлесі – 40,7%, азық-түлікке жатпайтын тауарлар – 30,2%, ақылы қызметтер – 29,1% құрады.

 

www.stat.gov.kz

1219 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз