Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Фотогалерея
  • 09 Тамыз, 2022

Шығыс гүлі

Жаз мезгілінде ірі гүлдерімен бақ ішіне сән беретін гортензия гүлі -шығыс гүлі, жапон гүлі деп те аталады. Қазіргі уақытта Алматылықтар оны Бас Ботаникалық бақтан тамашалауына болады. Аппақ қардың ұлпасындай көз жауын алатын гүлге қызығып, суретке түсушілер өте көп, әрі осы маусымның ең әдемі сәндік гүлі десек те болады. 

Ботаникалық бақта гортензияның 5 түрі өседі.  Гортензия (лат. Hydrangea) - Hydrangea тұқымдас гүлді өсімдік. Көптеген түрлерінің биіктігі 1-3 м бұтаны құрайды.

Гортензия сабақтарының соңы әдемі сфералық немесе шашақты гүлшоғырға жиналған гүлдерімен көз тартады. Көбінесе гортензия гүлдері ақ, бірақ сонымен қатар көк, қызғылт және күлгін түсті болып келеді. Өсімдіктің отаны - Оңтүстік және Шығыс Азия, Солтүстік және Оңтүстік Америка. Сонымен қатар Қытай мен Жапонияда көптеп өседі. 

Суретті түсірген-Досжан Балабекұлы

1375 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз