Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Шартарап
  • 10 Тамыз, 2022

 "Ланъя" жаңа генипавирусы туралы не белгілі?

"Ланъя" вирусы алғаш рет төрт жыл бұрын геномдық зерттеу нәтижесінде табылған. Кейіннен екі жыл ішінде Қытайдың екі провинциясында тағы 35 адамнан осындай вирус анықталды. Науқастарда келесі белгілер байқалды: қызба, шаршағыштық, жөтел, миалгия, жүрек айну, бас ауруы, тәбеттің болмауы, деп хабарлайды Covid-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК Телеграм-каналында. 

Бұл зоонозды инфекция, яғни адамдар вирусты ауру жануарлардан жұқтырады.

Вирусқа антиденелер үй жануарларында – ешкілер мен иттерде анықталды. Жабайы табиғатта вирус шіркейлерде кездеседі.

Қазақстанда "Ланъя" вирусын жұқтыру жағдайлары жоқ.

 

Фото: көрнекі

 

559 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз