Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 10 Тамыз, 2022

Балаларға демалыстың соңғы айын тиімді пайдаланып «Абай жолын»оқуды ұсынамын - министр

ҚР Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов хакім Абайдың туған күнімен құттықтап, оқушыларға оның шығармашылығымен танысуға кеңес берді, деп хабарлайды kazgazeta.kz.

"Биыл данышпан ойшылдың 177 жылдығы еліміз үшін маңызды тарихи сәтпен ерекшеленді. Ақынның туған жері бүгінгі күнде Абай өңіріне айналды.
Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың қабылдаған шешімі барлығымыз үшін үлкен қуаныш болды.

Қазір еліміздің түкпір-түкпірінде Абай Құнанбайұлын еске алуға арналған көрмелер, әдеби сағаттар өтіп жатыр",- деп жазады Асхат Аймағамбетов Facebook парақшасында. 

Министр оқушыларға ұлы ақынның  шығармашылығымен, еңбектерімен толығырақ танысуға кеңес берді.

"Абайдың өмірбаянын зерттеуде Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» еңбегінің маңызы зор. Шығарманы әлі оқымаған балаларға демалыстың соңғы айын тиімді пайдаланып, осы кітапты оқуды ұсынамын",- деп жазады А.Аймағамбетов, 

Фото: Abai.kz

8289 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз