Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 11 Тамыз, 2022

Президент БҰҰ Бас Ассамблеясы 76-сессиясының төрағасы Абдулла Шахидпен кездеседі

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Ақорда» резиденциясында БҰҰ Бас Ассамблеясы 76-сессиясының төрағасы Абдулла Шахидпен кездеседі.

Бұл туралы  БОРТ №1 Telegram каналы хабарлайды.

Айта кетейік, осыған дейін Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясы 76-сессиясының төрағасы Абдулла Шахид 11-12 тамыз аралығында Қазақстанға ресми сапармен келетіні хабарланған болатын.

Абдулла Шахид Мальдив Республикасының үкіметі мен заң шығарушы органдарында ұзақ жұмыс істеген көрнекті саясаткер және білікті дипломат ретінде кеңінен танымал.

Гендерлік теңдіктің қайратты жақтаушысы өз елінің дипломатиялық миссияларының басшылары, сондай-ақ сыртқы қызмет қызметкерлерінің арасында алғаш рет гендерлік теңдікке қол жеткізген.

Фото: Ақорда

652 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз