Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Шартарап
  • 11 Тамыз, 2022

Әлем бойынша маймыл шешегін жұқтырғандар саны артып келеді

COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК Telegram-каналы маймыл шешегін жұқтыру бойынша әлемдегі ахуалды жариялады.

Испанияда маймыл шешегін жұқтырудың 5 мыңнан астам жағдайы тіркелді. Ұлттық эпидемиологиялық қадағалау желісінің деректері бойынша 5162 жағдай белгілі. Мадридте 1817 адам жұқтырды, Каталонияда 1636 азамат ауырып қалды, Андалусияда 632 адам маймыл шешегін жұқтырды.

Испанияда бұл ауруға қарсы вакцинациялау жүргізілуде. Вакцинация қауіп тобындағы адамдарға жасалады, шамамен 5 мың доза таратылды.

Ұлыбританияда маймыл шешегіне қарсы вакцина жетіспейді. Қорлар екі-үш аптадан кейін таусылады.

АҚШ-тағы жағдай ұқсас және бұл науқастанғандар саны ең көп ел. Мәселен, Сан-Францискода вакцинация орталығында адамдар бірнеше сағат тұрады. Қалада вирус жұқтырғандар санының өсуіне байланысты төтенше жағдай енгізілді. Ең алдымен, қауіп тобындағы адамдар: медицина қызметкерлері мен дәстүрлі емес жыныстық бағдардағы ер адамдарға вакцинация жасалады.

"Мен мұнда таңғы сағат 7:30-да келдім және үш жарым сағат бойы тұрмын. Жақында менің кезегім келеді деп үміттенемін. Мен мұнда өткен аптада келдім, маған вакцина бүгін болады деп айтты. Сондықтан мен аурудан қорғанышты алу үшін келдім", - деді жергілікті тұрғын.

Францияда ауру өршіген уақыттан бері маймыл шешегін жұқтырудың 2,6 мыңнан астам жағдайы тіркелген.

Бір апта ішінде Францияда осы инфекцияның 362 жағдайы анықталды. Маймыл шешегінің расталған жағдайларының 99%-ы ересек ер адамдарда анықталды.

Сонымен қатар, Францияда коронавирустың таралуы жалғасуда. 812 адам COVID-19-бен ауруханаға жатқызылды, 87 адам қайтыс болды.

 

Фото: көрнекі

 

604 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз