Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Шартарап
  • 11 Тамыз, 2022

Ресейде каронавирустың гибридті штамы анықталды

SARS-CoV-2 вирусының геномдық тізбектерінің ұлттық дерекқорында (VGARus Database) коронавирустың «дельта» және «омикрон» немесе «дельтакрон» деп аталатын гибридті штамдарына тағайындалған алты геномдық тізбегі бар, бес үлгі Санкт-Петербургте, біреуі Мәскеуде алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

«10 тамыздағы жағдай бойынша VGARUS базасына Сovid-19 көрсетілген нұсқасына жатқызылған алты геномдық тізбек жүктелген. Зерттеуге арналған бес үлгі Санкт-Петербургте, біреуі Мәскеуде алынды», - делінген Роспотребнадзор хабарламасында.

Бұл нұсқа коронавирус инфекциясының доминант емес желілеріне жатады және қазіргі уақытта екі қаланың эпидемиологиялық ахуалына айтарлықтай әсер етпейді. Мәскеу мен Санкт-Петербургтегі эпидемиологиялық жағдай жалпы Ресейдегі жағдайға ұқсас, ол штамм құрамында BA.5 нұсқасының басым болуымен BA.4 және BA.5 желілерінің белсенді таралуымен сипатталады.

Роспотребнадзордың хабарлауынша, коронавирустың гибридті нұсқасы бар науқастар ауруды жеңіл түрде бастан өткерді, оларды ауруханаға жатқызу қажет емес.

Ведомстводан нақтыланғандай, қазіргі уақытта гибридті нұсқа аурудың неғұрлым ауыр ағымына әкеледі немесе көбірек таралады деп айтуға негіз жоқ. Жалпы, гибридтердің пайда болуы ерекше құбылыс емес, процесс көптеген вирустарға тән және эволюциялық-бейімделу механизмдерінің бірі саналады.

«Бұған дейін COVID-19 гибридті штамдары Еуропада, АҚШ-та және Латын Америкасында тіркелген. Олар халық арасында кең тараған жоқ», - делінген хабарламада.

Фото: РИА Новости

 

256 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *