Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 12 Тамыз, 2022

Жасұлан Тоққожаұлы Естенов Қарасай ауданының әкімі болып тағайындалды

ҚР Президенті әкімшілігінің келісімімен, Қарасай аудандық маслихатының шешімі және Алматы облысы әкімінің өкімімен Жасұлан Тоққожаұлы Естенов Қарасай ауданының әкімі болып тағайындалды.

Жасұлан Тоққожаұлы 1971 жылы туған, білімі жоғары.

1994 жылы Қазақтың Қызыл Ту орденді ауылшаруашылық институтын «агроөнеркәсіп кешені салаларындағы басқару және экономика» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1994 жылы «Мадияр» жеке кәсіпкерлігінің бухгалтері болып бастаған.

Әр жылдары Жамбыл типографиясының бухгалтері, Медеу, Алмалы аудандары бойынша салық комитетінің салық инспекторы, бөлім басшысы, Алмалы аудандық қаржы бөлімінің бастығы, Алмалы ауданы бойынша қаржы департаментінің бөлім басшысы, Әуезов ауданы, Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары, ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы, Алмалы ауданының әкімі, «Ер-Ай инвест» ЖШС директорының кеңесшісі лауазымдарын атқарған.

2021 жылдың ақпан айынан осы күнге дейін Алматы облысы қаржы басқармасының басшысы лауазымында болды.

Фото: Қазақпарат

826 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз